×

Украинада «HIMARS» Ресей әскерінің 50 қару-жарақ қоймасын құртты

Қазір снарядтары 80 шақырымға жететін қару-жарақ қолданылып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 26.07.2022 | 12:05
фото: zn.ua

Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников АҚШ-тан жеткізілген «HIMARS» жүйесінің жаудың 50 қару-жарақ қоймасын жойып жібергенін айтты.

Бұл туралы «УНИАН» порталы хабарлады.

Мұның бәрі Ресейдің логистикалық тізбегін үзіп тастап, олардың белсенді ұрыс қимылдарын жүргізу, біздің қарулы күштеріміздің күшті артиллериялық атқылауларын жауып тастау мүмкіндіктерінен айырады, – деді министр.

Бұған дейін «УНИАН» хабарлағандай, АҚШ әзірге Украинаға 300 шақырым қашықтыққа дейін атқылайтын «HIMARS» снарядтарын беруге дайын емес. Вашингтон бұдан Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталып кетуінен қорқады.

Сонымен бірге, Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Украинаның өз одақтастарынан 25-30 дана «HIMARS» пен «MLRS» алатын болып келісімге келіп жатқанын хабарлады.

Қазір Украина Қарулы күштері Ресей позицияларын атқылауда қашықтығы 80 шақырымдық «HIMARS» снарядтарын қолданып жатыр. Құрама Штаттар бұған дейін Украинаға 12 осындай жүйе жеткізіп берген еді. Енді осы жетіде тағы сондай 4 қондырғы әкелінеді. Жалпы, АҚШ пен оның одақтастары басында 20-дан астам осындай жүйе бермекші болып уәде берген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама