×

Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Нұрбол Нұрсағатов Нұр-Сұлтан қаласындағы «Байқоңыр» және «Алматы» аудандарының әкімі болған

 Халық үні 25.07.2022 | 11:18
Фото: facebook.com/AbaiOblysynynAkimdigi/

Абай облысы әкімінің орынбасары болып Нұрбол Нұрсағатов тағайындалды. Нұрбол Төлегенұлы 1981 жылы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институтын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс істері жөніндегі комитетінде жұмыс істеді.

Әр жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.

2011-2012 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» және «Алматы» аудандарының әкімі болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама