×

Ақтөбе облысында деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды

Қылмыстық топтың құрамында 6 адам болған

 Дәурен Ерболат 25.07.2022 | 10:03
Фото: ҰҚК

Ақтөбе облысында кәсіпкерлерді бопсалаған деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция басқармасы мен ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері бірлесіп, кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топты ұстады.

Оның құрамында деструктивті белгілері бар 6 адам болған. Олар діннің атын жамылып, бірнеше рет 2 кәсіпкерден ақша талап еткен. Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 194-бабы, 2-бөлігі («Қорқытып алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы тексеріліп жатыр. Егер олардың кінәсі сотта дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама