×

Атырау облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды

Оқиға республикалық маңызы бар Атырау – Орал тас жолында болған

 Айнұр Асылбекқызы 25.07.2022 | 01:46
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Атырау облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды. Оқиға 24 шілдеде жергілікті уақыт бойынша 23:00-де болған, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық маңызы бар Атырау – Орал тас жолының 19 шақырымы тұсында Toyota Prado көлігі мен ВАЗ автокөлігі соқтығысты. Салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен көлік ішінде болған 2 жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Қазір апат орнында полиция және медицина қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. 

Полиция ақпаратына сәйкес, жол апатынан зардап шеккен басқа азаматтар медициналық көмекке жүгінген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама