Жансақтау бөлімінде жатқан науқастар Президент атына петиция жазды

Қанат Атаманов

Олар ауруханаға жақындарын кіргізуге рұқсат сұрауда

Фото: inform.kz

Балқаштағы ауруханадан қашып кеткен ер адамның оқиғасынан кейін тұрғындар жансақтау бөлімінде жатқан науқастар туыстарын көруге рұқсат беруді сұрап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына петиция жазуға мәжбүр болған. 

Қалалық орталық ауруханада жатқан науқастар осындай бастама көтерген. Себебі, көпшілік өмірінің соңғы сәттерінде туғандарының жандарында болғанын қалайды. 

Петиция авторлары өзге де қазақстандықтарды осы петицияға қол қоюға шақырды.