9,8 млрд теңге: түріктер Алматыдағы желатин зауытына инвестор болды

Динара Амантай

7 мың тонна өнім өндіріледі деп жоспарланып отыр

Фото: @akimat_almaty

Алматыда желатин өндіретін зауыт салынады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров Түркиядан келген инвестор, İskefe холдингінің орындаушы комитетінің мүшесі Серташ Ахмет Левентпен кездесті. Екі тарап Алматы индустриалды аймағында салынатын құрылысты талқылады.

Түрік инвесторы зауыт құрылысына 9,8 млрд теңге қаржы құйып, 100 тұрақты жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.

Өнеркәсіптің өндірістік қуаты «Халал» стандартына сай келетін жылына 7 мың тонна желатин өндіруге мүмкіндік береді. Желатинге шикізат ретінде жергілікті ірі қара малдың терісі пайдаланылмақ, бұл кемінде қазақстандық шикізаттың 60% үлесін құрайды.

Зауыттың ашылуы 2024 жылға жоспарланып отыр.

Еске сала кетек, бұған дейін Алматыдағы Алтын Орда базарының иесінен 47 миллион теңге тәркіленгенін жаздық. Сонымен бірге Алматыда жетінші қабаттан құлай жаздаған тағы бір бала құтқарылған еді.