×

Аймағамбетов жаңа оқу жылында болатын мектеп формасы туралы айтты

Норма келесі жылы енгізіледі

 Дастан Жұмабекұлы 22.07.2022 | 14:00
Көрнекі фото

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында мектеп формасы қандай болатынын айтты.

Zakon.kz-тің хабарлауынша, жаңа норма келесі жылдан бастап күшіне енеді.

Министрдің айтуынша, қолданыстағы бұйрық бойынша мектеп формасының түсі мен үлгісі қамқоршылық кеңесімен бірлесіп анықталады. Елімізде 7,5 мың мектеп бар.  Сонда теориялық тұрғыдан алғанда 7,5 мың форма түрі болуы мүмкін. Қазір ата-аналар кей мектеп басшыларының мектеп формасына тым көп талап қоятынына жиі шағымданады. Әдетте ондай форма жай ғана базарда немесе сауда орталықтарында кездеспейді. Содан кейін олар оны белгілі бір жеткізушіден сатып алуды ұсынады.

Сондықтан министрлік келесі жылдан бастап ата-аналар үшін ыңғайлы және тиімді болатын норманы енгізуді жоспарлап отыр, –  деді Оқу-ағарту министрі.

Бұған дейін Нұр-Сұлтандағы мектеп оқушылары қою көк түсті форма киетіні белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама