×

Болат Назарбаевтың ауыр халде жатқан видеосы тарады

Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр

 Халық үні 21.07.2022 | 22:57
фото: exk.kz

БАҚ құралдарында Болат Назарбаевтың ауыр халде жатқан видеосы мен суреттері тарады, деп хабарлайды «Экспресс К» порталы. 

Қазір Болат Назарбаев Алматыда немесе Алматы облысында болса керек. Дереккөздер Тұңғыш президенттің ағасына пневмония мен тромбозбен асқынған көмей ісігі диагнозы қойылғанын хабарлады. 

Дәрігерлердің айтуынша, Болат Назарбаевтың жағдайы өте ауыр. Оған қоса науқастың қант диабеті бар, ол инсулинге тәуелді.

Дереккөздер Тұңғыш Президенттің ағасының ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыз болып, бұрын Германия мен Израильде ауыр емделуден өткенін растады. Дәрігерлердің тасымалдауға тыйым салғанына қарамастан, Болат Назарбаев өткен жылдың соңында туған еліне жеткізілді. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама