×

Ресейде ер адам сәбиді көшеде ұрлағысы келген

Ол нәрестені алып қашып бара жатқан жерінен ұсталды

 Дастан Жұмабекұлы 21.07.2022 | 16:37
фото: видеодан кадр

Ресейдің Тамбов қаласындағы Карл Маркс пен Рязанская көшелерінің қиылысында 51 жастағы ер адам коляскада отырған 6 айлық сәбиді анасының көзінше ұрлап, қашып бара жатқан жерінен ұсталды. Оның нәрестені ұрлап жатқан кезі бейнекамераға түсіп қалды.

Видео SHOT Telegram-арнасында жарияланды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Кадрдан ер адамның бағдаршамның жасыл түсі жанғанда көшеден өтіп бара жатқан әйелдің көзінше арбадағы нәрестені алып қашқан кезін көруге болады. Ол сәбиді арбадан жұлып алып, шамамен 100 метрдей жүгіріп, автокөліктің капотына нәрестені құшағына басып, құлаған. Сол кезде көліктерден адамдар шығып, ер адамды тепкінің астына алған. Сәбидің 34 жастағы анасы да ұрлықшының соңынан жүгіріп, оны тоқтатуға тырысқан. Осыдан кейін сәби мен оның анасы ауруханаға жеткізілген. Нәрсете аман-есен. Ал баланы ұрлағысы келген адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама