Halyq Uni логотип
×

Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Ол 2 тамызға дейін жарияланған болатын

 Дастан Жұмабекұлы 21.07.2022 | 12:34
Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Көрнекі фото

1-2 шілде күндері Қарақалпақстанның астанасы Нөкіс қаласында Өзбекстан Республикасы Шавкат Мирзияевтің автономиялық республиканың мәртебесі туралы баптарға өзгерістер енгізу туралы ұсынысына қарсы ереуіл болған еді. Соның салдарынан ресми дерек бойынша кем дегенде 21 адам қаза тапқан болатын.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қарақалпақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Президент Жарлығымен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, олардың құқығы мен еркіндігін қорғау, заңдылықты қалпына келтіру және тәртіп орнату мақсатында Қарақалпақстан Республикасының аумағында 2022 жылдың 3 шілдесі күнгі сағат 00.01 минуттан 2022 жылдың 2 тамызы күнгі сағат 00.00-ге дейін төтенше жағдай жарияланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама