×

Қарақалпақстанда 2 тамызға дейін төтенше жағдай жарияланды

Адамдар жаппай қатысатын шараларға тыйым салынады

 Қанат Атаманов 03.07.2022 | 08:30
Фото: ашық дереккөздерден

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев Қарақалпақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.

Президент Жарлығымен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, олардың құқығы мен еркіндігін қорғау, заңдылықты қалпына келтіру және тәртіп орнату мақсатында Қарақалпақстан Республикасының аумағында 2022 жылдың 3 шілдесі күнгі сағат 00:01 минуттан 2022 жылдың 2 тамызы күнгі сағат 00:00-ге дейін төтенше жағдай жарияланды, - делінген хабарламада.

Өзбекстан Ұлттық гвардиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай кезінде 21.00-ден 7.00-ге дейін коменданттық сағат болады. Қарақалпақстанға бару және ел аумағына шығу шектеледі. Адамдар жаппай қатысатын шараларға тыйым салынады. Комендатура бастығы болып Өзбекстан Ұлттық гвардиясының қолбасшысы Рустам Джураев тағайындалды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

COVID-19 жұқтырғандардың саны тағы өсті

1500-ден аса қазақстандық аурудан емделіп жатыр
08.02.2023 | 09:05

Президент Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды

Соңғы мәліметке қарағанда, бүгін түнде Анадолы елінде тағы 4 балдық жер сілкінісі болды
08.02.2023 | 08:55

Түркиядағы жер сілкінісінен волейболшы ерлі-зайыпты қайтыс болды

Түркияның Кахраманмараш қаласындағы жер сілкінісі салдарынан волейболшы Бетюль Чобан Чакыр мен оның жолдасы Бедреддин Чакыр қаза тапты
08.02.2023 | 08:40

Түркияда тағы да жер сілкінісі болды: соңғы мәліметтер жарияланды

Бүгін жергілікті уақытпен түнгі сағат 03:22 Түркияда тағы да 4 балдық жер сілкінісі болды
08.02.2023 | 07:50