2028 жылғы Олимпиаданың өтетін күндері белгілі болды

Дастан Жұмабекұлы

Паралимпиада 15-27 тамызға жоспарланған

Көрнекі фото

2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпиаданың өтетін күндері белгілі болды.

Төрт жылда бір келетін дүбірлі дода 2028 жылы маусым айының 14-30 аралығында өтетін болып шешілді. Паралимпиада тамыздың 15-27 күндеріне жоспарланған.

Лос-Анджелес қаласы 2017 жылдың қыркүйек айында 2028 жылғы ойындарды қабылдау құқығына ие болды. Дәл осы қалада 1932 және 1984-жылдары жазғы Олимпиада өткен еді.