Қазақстан құрамасының капитаны Роман Старченко «Барыстан» кетті
Оның есебінде 740 матч және 377 нәтижелі әрекет бар
Хоккейші, Қазақстан құрамасының капитаны Роман Старченко «Барыстан» мәскеулік «Спартак» командасына ауысты. «Барыс» сапындағы 14 маусымнан кейін 36 жастағы Роман Старченко өз күшін басқа клубта сынап көруге бел буды.
Барыс» Романға клуб пен Қазақстандағы хоккейдің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіреді. Сондай-ақ, оған алдағы спорттық мансабында табыс және көздеген барлық мақсаттарына қол жеткізуін тілейді! - делінген «Барыс» ХК хабарламасында.
Қазақстан құрамасының капитаны ҚХЛ-ға кірген сәттен бастап «Барыс» сапында ойнады. Оның есебінде 740 матч және 377 нәтижелі әрекет бар. Роман Старченко лига аясында 200 шайба соққан жетінші хоккейші. Бір атап өтерлігі, ол бұл көрсеткішке бір команданың құрамында ойнап жүріп жеткен. Сондай-ақ, Роман Старченко елордалық клуб тарихындағы екінші мерген.
Айта кетсек, Роман Старченко 2004/2005 және 2006/2007 маусымдарда Қазақстан чемпионы, 2013 жылы Қазақстанның үздік хоккейшісі, әртүрлі чемпионаттардың жеңімпазы.
Біз бұған дейін «Барыс» командасынан 13 хоккейшінің кетіп қалғаны туралы жазған болатынбыз.