×

«Барыс» командасынан 13 хоккейші кетіп қалды

Қазір 12-ақ хоккейші қалып отыр

 Еркеғали Болатұлы 06.06.2022 | 15:42
фото: ашық дереккөз

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ресми сайты Орталық ақпарат бюросының мәліметіне сүйеніп, осы уақытқа дейін тіркелген трансферлерді жариялады.

Сол мәліметке сүйенсек, «Барыс» командасынан 13 хоккейші кетіп қалған. Олардың қатарында шабуылшылар Якоб Берглунд, Линден Вей, Кертис Волк («Автомобилист»), Коди Куник, Якоб Лилья, Роман Старченко және Томаш Юрчо бар.

Ал қорғаушылардан Олле Альсинг («Лександ», Швеция), Эрик Мартинссон («ХВ 71», Швеция), Джо Морроу, Валерий Орехов («Металлург») және Роман Савченко кетсе, қақпашы Йони Ортио («ХВ 71», Швеция) да елордалық ұжыммен қоштасыпты.

Енді «Барыстың» құрамында 12-ақ хоккейші қалып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама