Кәрім Мәсімовтің 3 млн доллары мемлекетке қайтарылды

Дастан Жұмабекұлы

Қазір ол «мемлекетке опасыздық жасау» ісі бойынша тергеліп жатыр

фото: tengrinews.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылары мен қызметкерлерін тергеу барысында Қытайдың Сянган (Гонконг) пен Біріккен Араб Әмірліктерінен шамамен 3 млн АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды.

Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында белгілі болды.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасынан тәркіленген жылжымайтын және басқа мүліктердің суреттері айғақ ретінде жарияланған болатын.

Қазір Кәрім Мәсімов «мемлекетке опасыздық жасау» ісі бойынша тергеліп жатыр.