×

Алматыдағы ең ірі көтерме базар мемлекетке қайтарылып жатыр

Базардағы олигополиялардың бірінің үлесі 5 есе төмен бағамен өткізілген

 Еркеғали Болатұлы 18.07.2022 | 13:24
фото: ашық дереккөз

Бас прокуратурада активтерді қайтару жөніндегі комиссияның жұмыс тобының отырысы өтті. Онда Алматыдағы ірі көтерме базарды мемлекетке қайтару жоспарланғаны айтылды.

Алматыда ірі көтерме сауда базарындағы («Барыс-4») олигополиялардың бірінің үлесінің құны 5 есе төмен бағамен (нарық бойынша 1,3 млрд теңгеге сатылды) өткізілгені анықталды, - деп мәлімдеді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Комиссия мүшелерінің айтуынша, шілдеде мәмілені бұзу және объектіні мемлекетке қайтару мақсатында талап қою енгізілді.

Сондай-ақ 2019 жылы «Салтанат үйі» ЖШС-ның атына 601 млн теңге мөлшерінде төмендетілген құны бойынша объектінің өткізілгені анықталды. Ал ол объектінің нарықтық құны 3 млрд теңгеге бағаланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама