Бұл туралы Алматы қаласының тергеу соты хабарлады
Бұған дейін республикалық адвокаттар алқасы Бұрхан Жансейітовтің адвокат емес екенін мәлімдеген болатын.
Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен Жансейіт Бұрхан 2 ай мерзімге 17 қыркүйекке дейін үйқамаққа алынды, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкциялаудан бас тартылды, - деп хабарлады ведомстводан.
Естеріңізге сала кетсек, Бұрхан Жансейітов 15 шілдеде күні Алматыда құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған қызметіне кедергі келтіргені үшін ұсталған болатын. Ол полиция көлігінің жолын жауып, алдыңғы доңғалағын тесіп, провакациялық әрекетке барған. Сондай-ақ, Бұрхан Жансейтов полиция қызметкерлерін балағаттап, бопсалаған да көрінеді.