×

Грекияның солтүстігіндегі Кавала қаласының маңында украиналық ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ бортында сегіз адам болған

 Халық үні 17.07.2022 | 09:46
Фото: ашық дереккөздерден

Грекияның солтүстігіндегі Кавала қаласына жақын жерде украиналық компанияға тиесілі Ан-12 жүк ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында сегіз адам болған, деп хабарлайды Reuters агенттігі. Ұшақ бортында қауіпті жарылғыш заттар болған.

ERT мемлекеттік телеарнасы мәлімддеуінше, украиналық компанияға тиесілі Ан-12 ұшағы Сербиядан Иорданияға ұшып бара жатқанда жарылған. Ұшқыш қозғалтқыш ақауына байланысты шұғыл қондыруды сұраған, бірақ ұшақ сигналы жоғалып кеткен.

 

 

Ertnews.gr сайтына жүктелген видеода жанып жатқан ұшақ тез төмен түсіп жарылғанын байқауға болады. Өрт сөндіру қызметі ұшақтың түрін растай алмады, бірақ оның бортында сегіз адам болғанын айтты.

Оқиға куәгерлеріне сілтеме жасаған Еrtnews.gr ұшақ жүгері алқабына қонғанын мәлімдеді.

Апаттан кейін шыққан өртті сөндіруге 15 өрт сөндіруші мен 7 көліктің жұмылдырылғаны айтылды. Жолда тағы да құтқарушылар бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама