Биыл СOVID-19-ға қарсы күреске тағы 100 млрд теңге бөлінбек

Дәурен Ерболат

Ведомство басшысы бүгінде эпидемиологиялық жағдайдың бақылауда екенін жеткізді

фото: ОКҚ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният биыл коронавируспен күреске қанша теңге бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

2022 жылы коронавируспен күресуге 100 млрд теңге жоспарланған. Бұл қаржыға вакциналарды сатып алу, науқастарды емдеу, медицина қызметкерлерінің үстемеақысы да кіреді. Өткен жылмен салыстырсақ, бұл ақша 6 есе аз. Бүгінде ауруханалардағы насқастардың саны аз. Жарты жыл өтті, коронавирустың екінші толқыны басталды, - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін министр Қазақстанда карантин шектеуі енгізілуі мүмкін екенін айтқан еді.