Астана әуежайына түнгі уақытта автобус қатынайтын болды

Қанат Атаманов

Бағдардың күндізгі қозғалыс кестесі өзгеріссіз қалады

Фото: inform.kz

15 шілдеден 8 тамызға дейін Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктің түнгі рейстері әуежайға дейін қатынайды.

City Transportation Systems компаниясы баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, мұндай шешім елордалық әуе айлағының түнгі жұмыс режиміне уақытша көшуіне байланысты қабылданған.

Жолаушыларды №10 бағыттағы автобустар тасымалдайды. Әуежайдан №10 бағытының түнгі рейстерінің шығу уақыты: 23:18, 00:29, 01:59, 02:59.

Бағдардың күндізгі қозғалыс кестесі өзгеріссіз қалады.