×

Мемлекеттің меншігіне 40-тан астам компания қайтарылып жатыр

Әзірше жоспар 40 пайызға орындалды 

 Дастан Жұмабекұлы 14.07.2022 | 16:04
фото: sputnik.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында 40-тан астам компания мен 550 нысан мемлекет меншігіне қайтарылып жатқанын айтты.

Жекешелендірудің кешенді жоспарына 721 ұйым кіреді. Бүгінде жоспардың орындалуы 40% болып отыр.

Үкімет басшысының айтуынша, жекешелендіруді одан әрі кеңейту мақсатында 180 нысанның қосымша тізімі жасалды. Сонымен бірге Үкімет Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту тәсілдерін әзірледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама