×

Петропавлда 8 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Күдікті бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған

 Самат Жақып 14.07.2022 | 13:06
СҚО прокуратурасы, фото: Halyq Uni

13 шілде, күндіз Петропавл қаласындағы «Ойқала» ауданында 8 жастағы қыз зорланды. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған, Қызылжар ауданы Ольшанка ауылындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқан 27 жастағы Солтүстік қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғыны ұсталды.

Оқиға «Ойқала» шағын ауданындағы учаскелік полиция пунктіне жақын жерде болған. Күдікті арам пиғылын жұмыстан шыққан кезде іске асырған. Енді ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Негізі ол екі мәрте істі болған. 2023 бостандыққа шығуы керек еді. Бұл туралы Петропавл қаласының прокуроры Арман Нұртазин мәлімдеді.

Зорлады деген күдікпен ұсталған азамат Ақмола облысы Атбасар аудандық сотының 2021 жылдың желтоқсанындағы қаулысымен қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеден қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстырылған.

Күдікті Ольшанка ауылына келгеннен кейін Еңбек кодексінің және ҚР Қылмыстық-атқару кодексі талаптарына сәйкес әртүрлі жұмысшы ретінде жұмысқа орналасқан.

Аталған факті бойынша Петропавл қаласының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі-жас балаға қатысты зорлау бойынша тергеу бастады. Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, прокурорлардан құралған тобы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама