Президент бірқатар мемлекетке елші тағайындады

Халық үні

Тиісті жарлық жарияланды

коллаж: Halyq Uni

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі Болат Сүгірбаев Қазақстанның Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Қазақстанның Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Жалғасбаев Қазақстанның Шри-Ланкадағы, Бангладештегі, Непалдағы, Бутандағы, Мальдивтегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды, – дейді Ақорда.