Тиісті жарлық жарияланды
Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі Болат Сүгірбаев Қазақстанның Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ Қазақстанның Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Жалғасбаев Қазақстанның Шри-Ланкадағы, Бангладештегі, Непалдағы, Бутандағы, Мальдивтегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды, – дейді Ақорда.