Рыбакина төлқұжатын көрсетті
Осылайша, ол азаматтық мәселесіне нүкте қойды
Wimbledon турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина БАҚ өкілдерімен кездесуде Қазақстан төлқұжаты мен жеке куәлігін көрсетті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Менде паспорт бар. Бүгін премьер-министрмен кездестім. Міне барлық дәлел, - деп Елена Рыбакина құжаттарын көрсетті.
Еске салайық, Елена Рыбакина Лондонда өткен Wimbledon турнирінде жеңіске жеткен еді.
Сондай-ақ Ресейде туып өскен спортшы 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алған.