×

Тоқаев Елена Рыбакинаны ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Рыбакина Қазақстаннан шыққан тұңғыш «Уимблдон» турнирінің жеңімпазы 

 Халық үні 11.07.2022 | 20:20
Фото: TennisHQ_

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Елена Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы жекелей сында биыл отандасымыз Елена Рыбакина алғаш рет «Уимблдон» турнирінің жеңімпазы атанды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама