×

Рыбакина ҚР теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты

Оның орнына ол ақшасының тең жартысын қайырымдылыққа беретінін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 11.07.2022 | 13:42
фото: ktf.kz

Informburo.kz-тің хабарлауынша, «Уимблдон» турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина Қазақстан теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты.

Біз федерация атынан Елена Рыбакинаны марапаттап, қомақты сыйақысы бергіміз келіп еді. Ол сыйақыдан да марапаттан да бас тартып, «Уимблдоннан» алған ақшасының тең жартысын қайырымдылыққа, еліміздегі жасөспірім теннисшілерді қолдауға беретінін айтты, –  деді федерацияның вице-президенті Юрий Польский.

Рыбакинаның өзі Қазақстан халқына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты.

Құрметті қазақстандықтар! Мен үйге бара жатырмын. Сіздер мені «Уимблдон» турнирінде қатты қолдадыңыздар. Сол үшін сіздерге алғыс айтамын. Мен оны сезіп жүрдім. Біздің жеңісіміз тарихтың қойнауына кетті. Мен әлі де өз-өзіме сене алмай жүрмін, – деді ол.

Теннис федерацисының хабарлауынша, Рыбакина елге 12 шілде күні оралады. Сол кезде ол БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, жас спортшылармен және жанкүйерлермен кездеседі деп күтілуде.

Бұған дейін ол «Уимблдон» турнирінің жеңімпазы атанған соң 2 млн фунт стерлинг (1 млрд 133 млн 799 мың 568 теңге) алады деген дерек шыққан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама