×

Шымкент тұрғыны 60 дүкеннен қайырымдылық жәшіктерін ұрлап кетті

Қордың атын жамылған алаяқ арам ойын еш қиындықсыз жүзеге асырған

 Наима Нұрәлі 11.07.2022 | 12:08
фото: ozgepikir.kz

Күдікті сатушыларға өзін қайырымдылық қордың қызметкері ретінде таныстырып, 300 мың теңгеге жуық қаржыны иемденіп алған, деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.

Абай аудандық полиция бөліміне қайырымдылық қордың өкілі арызданды. Белгісіз азамат өзін қайырымдылық қордың қызметкері ретінде таныстырып, 60 дүкеннен қаражат тола жәшіктерді алып кеткен. Күдікті қолға түсті, - делінген хабарламада.

Бүгінде аталған жайт бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама