×

Танымал шенеуік қатысқан кеште есірткіге қатысты жанжал шықты

9 шілдеге дейін барлығы бес адам құрбан болған

 Халық үні 10.07.2022 | 11:30
Фото: ашық дереккөздерден

Германияның социал-демократиялық партиясының (СДП) бұрынғы жетекшісі, Германия канцлері Олаф Шольцтың қатысуымен өткен жабық кеш жанжалға ұласты. Аталған іс-шараға қатысқан бірнеше әйел есірткі қабылдағанын айтты, деп хабарлайды немістің Tagesspiegel басылымы.

Шулы оқиға 1 маусым күні Бундестаг пен сайлау округтеріндегі Германияның СДП депутаттары мен қызметкерлері, сондай-ақ Олаф Шольц қатысқан дәстүрлі партиялық шарада орын алған. Аталған бас қосуға барлығы мыңға жуық қонақ қатысқан.

Бундестагтағы ГСДП фракциясының жетекшісі Маттиас Мартин партия депутаттарына жолдаған хатында нашақорлықтың кеште анық болғанын айтты.

Бұл жан түршігерлік оқиға, біз дереу Бундестаг полициясына хабар бердік, — деді Мартин.

Басылымның мәліметінше, 9 шілдеге дейін барлығы бес адам құрбан болған. Олардың арасында кештен кейін өзін нашар сезінгеніне шағымданған 21 жастағы бойжеткен бар. Ол шарада ішімдік ішпегенін айтты. Оның айтуынша, сағат 21:30 шамасында ол ауырып, басы айнала бастаған. Келесі күні таңертең ол өткен түнде не болғанын есіне түсіре алмады. Жәбірленуші ауруханада тексеріліп, полицияға шақырылды. Олар қызды қан мен токсикологиялық сараптамаға жіберуді ұйғарды.

Біз басқа да зардап шеккен жандарға оқиға туралы дереу полицияға хабарлауды ұсынамыз, — деді ГСДП парламенттік тобының жетекшісі Матиас Мартин.

Сондай-ақ, ол Бундестаг депутаттары мен олардың қызметкерлеріне оқиғаның егжей-тегжейлерін білу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты.

Дәл қазіргі таңда Берлиннің қылмыстық полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама