×

Геология комитетінің төрағасы қызметінен кетті

Ол комитетті 2 жылға жуық уақыт басқарды

 Дәурен Ерболат 08.07.2022 | 17:55
Фото: primeminister.kz

Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев қызметінен кетті. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Бүгін геология комитетінің төрағасы Сатиев Талғат Бақтыярұлы өз еркімен қызметінен кетті. Бұл ақпаратты растаймыз. Алдағы уақытта комитетті кім басқаратынына қатысты ақпаратты қосымша хабарлаймыз, - деді Олжас Беркінбаев.

Айта кетейік, Талғат Сатиев геология комитетінің төрағасы қызметіне 2020 жылғы тамызда тағайындалған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама