×

Елордада жаңа аудан құрылуы мүмкін

Бүгінде бұл ауданда 250 мың адам тұрып жатыр

 Дәурен Ерболат 08.07.2022 | 17:35
Фото: weproject.media

Есіл ауданындағы халықтың саны 450-500 мың тұрғынға жетсе, аудан екіге бөлінуі мүмкін. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

«Есіл ауданының екіге бөлінуі ондағы халық санының өсуіне байланысты. Бүгінде Есіл ауданында халық саны қарқынды өсіп жатыр. Бұл аудан құрылғанда ондағы тұрғындар саны 60 мың болды. Қазір мұнда 250 мың адам тұрады», - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Алтай Көлгіновтің пікірінше, жаңа аудан алдағы 4-5 жылда құрылуы ықтимал.  

Бұл – болжам. Есіл ауданының даму қарқыны осылай жалғаса беріп, алдағы 4-5 жылда ондағы халықтың саны 450-500 мың адамға жетсе, бұл өте қиын болады. Себебі тиісті қызметті көрсетуге ондағы әкімдік қызметкерлерінің саны жетпейді... Әсіресе біздің қыс пен көктемде ауа райы қолайсыз болатынын ескерсек, қыруар жұмыс атқарылуы керек. Бұл енді (Есіл ауданын екіге бөлу, – автор) уақыттың еншісінде деп санаймыз, - деді елорда әкімі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама