Ол тағы бір ай қамауда болады
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты.
Бұған дейін астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 17 наурызда күдікті Боранбаевты екі айға, одан кейін бір айға қамауға алу туралы шешім шығарған болатын.
Ол квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.