×

Боранбаев пен Сатыбалдыларды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Олар тағы бір ай қамауда болады

 Дастан Жұмабекұлы 10.06.2022 | 16:04
Көрнекі фото

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілер Қайрат Боранбаевты, Қайрат Сатыбалды мен Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қамауда ұстау мерзімін бір айға ұзартты.

Бұған дейін астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 17 наурызда күдікті Боранбаевты екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарған болатын.  

Ол квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

12 мамырда аталған сот күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты.

Ол «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстар жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ал Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы зайыбы Гүлмира Сатыбалды бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша қамауда отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама