×

Тоқаев Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Финалда Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жабермен кездеседі

 Халық үні 07.07.2022 | 23:26

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакинаны Уимблдон турнирінің финалына шығуымен құттықтады. Қазақстан президенті өз құттықтауын Twitter парақшасында жариялады.

«Елена Рыбакинаны теннистегі ең беделді жарыс саналатын Уимблдон турнирінде табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол финалға шықты», - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің финалына шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы,«Үлкен дулыға» турнирінің екі мәрте чемпионы (Франция ашық чемпионаты – 2018, Уимблдон – 2019), қазіргі кезде рейтингіде 18-сатыда тұрған румыниялық Симона Халеппен кездесті. Финалда Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жабермен (Тунис) кездеседі. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама