×

АҚШ-тағы республикашылар Сәуле Омарованы 26 жыл бұрын ұрлық жасады деп айыптады

Жақында Ақ үй Қазақстанда туған Сәуле Омарованы лауазымды қызметке ұсынды

 Халық үні 18.11.2021 | 10:14
Сәуле Омарова, фото: nytimes.com

Fox News телеарнасы (АҚШ Республикалық партиясының бас медиаресурсы) Қазақстан тумасы, президент Джо Байденнің АҚШ валюта басқармасының басшысына ұсынған кандидаты Сәуле Омарованы 26 жыл бұрын ұрлық жасады деп айыптады.

Fox News телеарнасының мәліметінше, 1995 жылы Сәуле Омарова TJ Maxx дүкенінен 214 доллар тұратын төрт жұп аяқ киім, екі одеколон, екі белбеу және шұлық ұрлағаны үшін қамауға алынғаны айтылған.

Осы айыптаудан кейін Ақ үй мәлімдеме жасап, Омарованы білікті кандидат ретінде қорғап, бұл істі «түсінбеушілік және шатастыратын жағдай» деп атады.

Түсінікті болу үшін айта кетейік, Сәуле бұл оқиғаға өзінің бүкіл мансабы, соның ішінде Сенатта, мәлімдемелерде және Буш әкімшілігі кезінде, Қаржы министрлігінде жұмыс істеген кезде ашық болды. Бұл іс 1996 жылдың қаңтарында - 25 жыл бұрын жабылды, бұл түсінбеушілік туғызып отыр, шатыстыратын жағдайдың нәтижесі болды, - делінген хабарламада.

3 қарашада Ақ үй АҚШ валюта басқармасының жетекшілігіне Сәуле Омарованы тағайындауды ұсынып, Сенатқа ұсыныс жолдады. Бұл жөнінде 2 қарашада Ақ үйдің баспасөз қызметінен хабарланды. Егер Сенат оның кандидатурасы мақұлдаса, Сәуле Омарова АҚШ-тағы мыңнан астам банктердің қызметін реттейтін басқармаға жетекшілік етеді. Оған қоса, Сәуле Омарова басқарманың 158 жылдық тарихында басшы қызметіне тағайындалған тұңғыш әйел және алғашқы азиат болмақ.

Бүгін АҚШ сенатында Сәуле Омарованың кандидатурасы бойынша тыңдау өтеді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама