×

Жайылымдық жерді қайтару үшін жедел желі ашылды

Өтінімдер WhatsApp арқылы да +77008004441 номері бойынша қабылданады

 Дастан Жұмабекұлы 07.07.2022 | 15:26
фото: aqjolgazet.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға және оларды ауыл тұрғындарының иелігіне беруді тапсырғаны белгілі.

Парламент депутаты Ерлан Сайыровтың айтуынша, осыған байланысты ​​AMANAT партиясының жанынан арнайы «Жер аманаты» комиссиясы құрылып, оның жедел желісі ашылды.

Қазіргі күні комиссия мүшелері өңірлерде өз жұмысын белсенді түрде жүргізуде. Осы аз ғана уақытта Қарағанды, Жамбыл, Түркістан және Ақтөбе облыстарындағы 160 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жер мәселесін жедел шешу үшін кез келген азамат бүгіннен бастап барлық заң бұзу фактілері туралы AMANAT партиясының «Жедел желі» 8 800 080 44 41 телефоны арқылы хабарлай алады.

Өтінімдер WhatsApp арқылы да +77008004441 номері бойынша қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама