Соңғы жүргізілген сауалнама премьер-министрдің жұмысына британдықтардың 70 пайызының көңілі толмайтынын көрсеткен
Осы аптада Ұлыбританияныңпремьер-министрі Борис Джонсонға деген сенімін жоғалтуына байланысты 36 мемлекеттік қызметші өз еркімен отставкаға кетті. Олардың арасында министрліктердің басшылары мен депутаттар бар.
Атап айтқанда, кеше Денсаулық сақтау және Қаржы министрлері өз лауазымдарын қалдырды. Мұның себебі Борис Джонсонның парламент мүшесі Крис Пинчерді СІМ басшысының Еуропа және Америка бойынша орынбасары қылып тағайындауы. Консервативті партияның мүшесі Сент-Джеймсмас қаласындағы Carlton Club түнгі клубта мас күйінде екі ер адамға жыныстық зорлық жасады деп айыпталды. Бұдан кейін 52 жастағы шенеунік отставкаға кетуге мәжбүр болған. Ал 3 шілде күні Крис Пинчерге қарсы мінез-құлыққа қатысты 6 жаңа айып тағылды. Оның үшеуінде Пинчер басқа ер депутаттарға қырындағаны үшін.
Енді оппозиция өкілдері ғана емес, өз партиясының депутаттары да Борис Джонсонды Парламентті таратуды ұсынды. Осылайша бұл елде үкімет басшысына сенімсіздік рәсімі басталды.
Бүгін жұмыстан өз еркімен кеткен бірнеше министр Борис Джонсонға хат жазып, Үкімет басшысын лауазымын қалдыруға шақырды. Бұған Борис Джонсон бұл қадамға бармайтынын айтты.
Мұндай қиын жағдайда премьер-министр бұдан әрі жұмыс істеуін жалғастыруы қажет. Мен мұнымен айналысқым келеді. Ел экономикасында түрлі қиындықтар болып жатқан кезде мен қызметімнен кете алмаймын, - деді Борис Джонсон Парламентте сөйлеген сөзінде.
Британдық министрлер мен депутаттардың жаппай отставкаға кетуі соңғы кезде Борис Джонсонға партия өкілдері тарапынан тағылған сындарға тікелей байланысы бар. Сәуір айында ол өзінің қызметінде болған кезде заңды бұзғаны үшін сотталған Ұлыбританияның алғашқы премьер-министрі болды. Содан кейін оған өз елінің үкіметі COVID-19 пандемиясына байланысты жарияланған жалпы карантин кезінде көп адамның қатысуымен өткен кешке қатысқаны үшін айыппұл салынған еді.
Соңғы жүргізілген сауалнама премьер-министрдің жұмысына британдықтардың 70 пайызының көңілі толмайтынын көрсеткен.
Айта кетсек, маусым айының басында Борис Джонсон консервативті партиядағы әріптестері оған қарсы қойылған сенімсіздік вотумында жеңіске жеткен болатын.