×

Сенімсіздік квотумы: Лондонда премьер-министр Борис Джонсонның саяси тағдыры шешілуде

Депутаттардың жартысынан көбі Борис Джонсонға қарсы дауыс берсе, ол саясат Консервативті партияның жетекшісі қызметінен кетуге мәжбүр болады

 Қанат Атаманов 06.06.2022 | 23:20
Фото: ашық дереккөздерден

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның тағдырын бүгін, 6 маусымда Британ Парламентінің консервативті депутаттары шешеді.

Егер сенімсіздік вотумы шығарылса, билеуші Консервативті партия жаңа көшбасшы таңдауға мәжбүр болады. Демек, Біріккен Корольдіктің жаңа премьер-министрі тағайындалады.

Борис Джонсонға сенім білдіру (немесе сенімсіздік) бойынша дауыс беру консерваторлардың кем дегенде 54 мүшесі өздерінің жетекшісіне деген сенімін жоғалтқаны туралы хаттар жібергеннен кейін өткізіледі. Бұл сан консервативті депутаттардың 15%-ын құрайды.

Егер консервативті депутаттардың жартысынан көбі Борис Джонсонға қарсы дауыс берсе, ол саясат Консервативті партияның жетекшісі қызметінен кетуге мәжбүр болады. Бұл жағдайда ол теориялық тұрғыдан премьер-министр болып қалуы мүмкін. Бірақ жаңа басшысы таңдалғаннан кейін ол бірден Ұлыбритания үкіметін басқаруын тоқтатады.

Жақында Джонсонға алаңдайтын ештеңе жоқ сияқты көрінді. Бірақ Борис Джонсонның премьерлық мансабын «Патигейт» (Partygate) деп аталатын жанжал шығарды. Оның мәні қарапайым: covid-19 пандемиясынан кейін британдықтар Үкіметтің нұсқауларын орындауға және карантинге қатаң отыруға мәжбүр болды. Сол кезде сол үкіметтің қызметкерлері өздері енгізген барлық ережелер мен шектеулерді бұзып, көңілді кештер өткізген. Борис Джонсон мұндай «пати» өткізілетінін біліп қана қоймай, оған өзінің де қатысқаны белгілі болған.

Айта кетсек, Ұлыбритания полициясы Үкімет өкілдерінің үйлерінде «пати» жасағаны үшін 126 айыппұл салды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама