Науқастардың көбеюіне «омикрон» штамының таралуы себеп
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр, деп хабарлайды қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Елордада сырқаттанушылық деңгейі өткен аймен салыстырғанда 3,3 есеге артқан.
Маусымда 269 адам коронавирус жұқтырған.
Оның ішінде 169 науқас COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған. 85 науқас екпе алғанымен, оның уақыты өтіп кеткен. Тек 12 адам ревакцинация қабылдаған, - деп жазылған хабарламада.
Мамандар коронавирус жұқтыру дерегінің жиілеуіне «омикрон» штамының таралуы себеп екенін атап өтті.
Айта кетейік, осыған дейін астаналықтарға маска тағып жүруге кеңес берілген еді.