Кеше түрікмендер Путинді дұрыс қарсы алмай қойған (ВИДЕО)

Еркеғали Болатұлы

Басқа президенттерді ұшақтан түскен бетте халық ықыласпен қарсы алған болатын

фото: ашық дереккөз

Бүгін Түрікменстан астанасы Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттерінің басшылары қатысатын алтыншы Каспий саммиті өтеді. Оған Түрікменстаннан басқа, Әзірбайжан, Иран, Қазақстан және Ресей қатысады.

Бұл шара бұрын премьер-министрдің орынбасары болған Сердар Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болғаннан кейінгі алғашқы ірі халықаралық саммит болмақ.

Кеше РФ президенті Владимир Путин де Ашхабадқа барды. Бір қызығы, басқа президенттерді ұшақтан түскен бетте халық ықыласпен қарсы алған болатын. Ал Путин түскенде ешкім оны олай қарсы алмады. Көлікке дейін жалғыз өзі жаяу барды.