Бухгалтер қызметкерге бір күнде 286 рет жалақы төлеген

Дастан Жұмабекұлы

Есепші 500 мың песоның орнына 165 миллион песо берген

Көрнекі фото

Чилиде «Consorcio Industrial de Alimento»s ет компаниясының бухгалтері есептен жаңылысып, қызметкерлердің біріне 286 рет жалақы төлеген.

Ол абайсызда қызметкердің төлем картасына 500 мың песоның орнына 165 миллион аударып жіберген. Ер адам компанияның басшысына бухгалтердің қателігі туралы айтып, ақшаны қайтаратынына уәде берген. Алайда сөзінде тұрмай, компанияның электрондық поштасына жұмыстан босату туралы өтініш-хатын жазып, телефонын көтермей қойған.

Қазір ер адам іздестіріліп жатыр.