Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшысын ауыстырды

Халық үні

Одан бөлек, Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы тағайындалды

Руслан Жақсылықов, Қорғаныс министрі

Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылып, оның орнына Руслан Фатихұлы Жақсылықов тағайындалды.

Руслан Жақсылықов бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымын атқарған.

Мемлекет басшысының өкімімен Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымына Еркін Советбекұлы Ботақанов тағайындалды.

Руслан Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысының Қаскелен қаласында қызметшілер отбасында дүниеге келді.

I, II дәрежелі «Даңқ» орденімен, Түркия қарулы күштерінің орденімен және КСРО, ТМД, Қазақстанның 40 медалімен наградталған. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Әскери атағы - генерал-лейтенант.