Колумбияда коррида кезінде трибуна опырылып құлады: қаза тапқандар бар

Дастан Жұмабекұлы

Кем дегенде екі адам көз жұмып, 60 адам жарақат алған

фото: rg.ru

Колумбияның Толима провинциясында бұқамен сайыс кезінде көрермендер отырған трибуна опырылып құлады. Соның кесірінен Кем дегенде екі адам көз жұмып, 60 адам жарақат алған.

«Новости» ақпарат агентігінің хабаралуынша, Эспиналь муниципалитетінің алаңында трибунаның опырылуынан зардап шеккендердің саны 500 адамға жетуі мүмкін. Алайда әлі ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Осыдан кейін бұқа алаңнан қашып кеткен.

Корралеха – Колумбиядағы көше корридасы. Онда жануарларды өлтіруге тыйым салынған. Ойыннан шаршаған жануарлар аренадан шығарылып, басқасымен ауыстырылады. Тореадорлардың жиі өлім құшатынына қарамастан, ойынға қызығушылық азайған емес.