Түркістандық құтқарушылар суға батқан шетелдік студенттерді таба алмай жатыр

Дәурен Ерболат

Ақсу шатқалына жалпы 21 студент демалуға барған

Фото: Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Түркістан облысында құтқарушылар суға батып кеткен 2 үндістандық студентті іздеп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, биыл 26 маусымда кешкі сағат 20.10-да кезекші-диспетчерлік қызметіне сағат 16.49-да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылы туған екі студенттің белгісіз жағдайда суға батып кеткені туралы ақпарат түскен.

Шымкенттен Ақсу шатқалына жалпы 21 студент демалуға барған.

Олар – Үндістан азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 19 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 техника,  10 полицей, 5 техника жұмылдырылды, - деп жазылған хабарламада.