Жапон ғалымдары БҰН (НЛО) бар екендігін растайтын 452 дәлел жинады – БАҚ

Қанат Атаманов

БҰН түсірілген кем дегенде 125 фотосурет пен 24 бейнежазба бар

Фото: tengrinews.kz

БАҚ-та жапондық ғалымдардың беймәлім ұшқыш нысандарын зерттеу жұмыстарын жүргізгенін растайтын мақалар жарияланды.

Yomiuri Shimbun газетінің хабарлауынша, Фукусима қаласында орналасқан беймәлім ұшқыш нысандарды зерттеу жеке институтының өкілдері өткен жылы өзге ғаламшар тұрғындарының барын растайтын 452 дәлел жинаған. БҰН түсірілген кем дегенде 125 фотосурет пен 24 бейнежазба бар.

Бұл фактілердің кейбірін Yomiuri Shimbun редакциясы сайты мен басылымында жариялады. Суреттерге көрінетін нысандар белгілі өзге ғаламшар тұрғындары туралы түсіілген голивудтық киноларда көрсетілген ұшатын дөңгелек пішінді екенін көруге болады. Зерттеу құрылымының басшысы Такэхару Миками атап өткендей, барлық фотосуреттер арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен тексерілген.