×

Құздан секірген ер адам отбасының көзінше мерт болды (ВИДЕО)

Оның секіру алдындағы қадамы аз болған соң ол, суға жетпей тасқа соғылған

 Халық үні 25.06.2022 | 21:17

Нидерландыдан Майорканың Санта-Понса курорттық аумағына қыдырып барған ер адам қауіпті трюк жасаймын деп қайтыс болды. 

Tengrinews.kz сайтының жазуынша, 31 жастағы экс-футболшы Мурад Ламрабат отбасының көз алдында 30 метрлік құздан секірмек болады. Оқиға Мальгратс аралында болған. Оның секіру алдындағы қадамы аз болған соң ол, суға жетпей тасқа соғылған. Артынша оның денесі суға түскен. 

Ер адамның денесін құтқарушылар судан алып шыққан. Тексеру кезінде ол соққыдан есінен танып қалып, алған жарақатынан қайтыс болғаны анықталды. 

Нақтыланбаған мәлімет бойынша, зайыбы оның осы ісін тікелей эфирде түсіріп тұрған. Ол екі баласымен жалдамалы қайықта отырған.

Ламрабат бұрындары SBV Vitesse клубында ойнаған. Оның командасы Нидерландыдағы Eredivisie деп аталатын жоғарғы лигасында өнер көрсетеді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама