×

Головкин мен Альварестің жекпе-жегінің сыйақысы - 80 млн доллар

Кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena» стадионында болады

 Дастан Жұмабекұлы 24.06.2022 | 14:21
фото: vesti.kz

Атақты боксшылардың жекпе-жектерінің сыйақысына қатысты ақпарат шықты.

Былғары қолғап шеберлері шаршы алаңдағы үшінші кездесуде кемінде 80 млн доллар табады. Жекпе-жекті  қыркүйек айында өткізуді жоспарлап отыр. Нақтырақ айтқанда, ол 17 қыркүйек күні Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena» стадионында болады.

Бұл жерде былғары қолғап шеберлерінің алдыңғы екі айқасы өткен еді.

Осы шаршы алаңда «Канело» жетінші рет жұдырықтасады. Оның төртеуінде жеңіп, біреуінде тең түссе, бір кездесуде жеңілген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама