Головкин мен «Канелоның» жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді
Кездесу «T-Mobile Arena» стадионында болады

17 қыркүйекте боксшылар Геннедий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегі болатын жер анықталды.
Кездесу АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena» стадионында болады. Бұл жерде былғары қолғап шеберлерінің алдыңғы екі айқасы өткен еді.
Осы шаршы алаңда «Канело» жетінші рет жұдырықтасады. Оның төртеуінде жеңіп, біреуінде тең түссе, бір кездесуде жеңілген болатын.