Қорғаныс министрі Мәскеуге барды

Дастан Жұмабекұлы

Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

фото: sputnik.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесі отырысы кезінде Мәскеуде ресейлік әріптесі Сергей Шойгумен кездесті.

Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Олар кадрларды даярлау, жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шараларын өткізу, әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша әңгімелесіп, Орталық Азия өңіріндегі қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасты.