Орал қаласында нанның бағасы 200 теңгеге жетті

Еркеғали Болатұлы

Бұған дейін 170 теңге болатын

фото: ашық дереккөз

Өңірде ұн, қант және май бағасының қымбаттауына байланысты нан бағасы және жалпы барлық нан-тоқаш өнімдері қымбаттаған. Бұл туралы t.me/orda_kz Telegram каналы жазды.

Енді бүгіннен бастап Оралда жоғары сұрыпты нан 200 теңге тұрады. Бұған дейін 170 теңге болатын.

Қаланың нан сататын дүңгіршектері мен азық-түлік дүкендерінде барлық кондитерлік өнімдердің құны 20 теңгеге өскен. Өндірушілер соңғы уақытқа дейін өнімнің бағасын ұстап тұруға тырысқанмен, бағаны көтеруге мәжбүр болғандарын айтады.